• kz
  • ru
  • en
  • Қазақстан мен Израиль қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты талқылады

    Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ә. Қуантыров Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы және Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Й. Быстрицкиймен кездесті, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

    Келіссөздер қараша айында Израильде ұйымдастырылатын Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 10-отырысы қарсаңында өтті.

    Тараптар Климаттық саясат, биоәртүрлілікті сақтау, орман экожүйелерін қалпына келтіру, жердің тозуына қарсы күрес және қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мәселелерін қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумды дайындауға және оған қол қоюға мүдделілік білдірді.

    Spread the love