Көлікті өз ауласында немесе өзен жағасында жуып алу – ештеңе етпейді, аздаған су мен сусабын табиғатқа зиян тигізбейді деп есептеледі. Бұл – қауіпті миф, деп хабарлайды infotabigat.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарапайым көлік жуудың өзі қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіреді:
• Мұнай өнімдері мен химия. Көлік шанағында асфальттан жиналған майлар, жанар-жағармай қалдықтары, ауыр металдар және улы автохимия қалады. Мұның бәрі жуылған кезде ешқандай сүзгісіз тікелей топыраққа немесе су қоймасына түседі.
• Топырақ пен судың ластануы. Химикаттар топырақтың құрылымын бұзып, пайдалы микроорганизмдерді жояды, ал су айдындарына түскен жағдайда су астындағы тіршілікке тұншықтырушы әсер етеді.
Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Көлікті тек арнайы автожуу орындарында (мойкаларда) тазалау керек, өйткені оларда ағынды суларды тазарту жүйелері қарастырылған. Қоршаған ортаны бірге қорғайық!

