• kz
  • ru
  • en
  • 3 миллион қарағай көшеті: орманды қалпына келтіруге 300 млн теңге бөлінді

    Қазақстанда орман алқаптарын қалпына келтіру және орман қорын ұлғайту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды infotabigat.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Осы мақсатта ашық тамыр жүйесі бар кәдімгі қарағайдың 3 миллион көшетін отырғызу жоспарланып отыр.

    Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-мен жасалған келісімшарт аясында 300 млн теңге көлеміндегі қаржылық қолдаумен жүзеге асырылып жатыр.

    Бастаманың негізгі мақсаты – орман қорын қалпына келтіру, орман алқаптарының ауданын ұлғайту және табиғи экожүйелерді сақтау.

    Қарағай көшеттерін отырғызу – болашақ орманды қалыптастыруға, биоалуантүрлілікті сақтауға және экологиялық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

    Бүгінгі көшет – ертеңгі орман!

    Spread the love