• kz
  • ru
  • en
  • «Вандализмге жол жоқ»: Сәтбаевта қоғамдық мүлікті қорғауға бағытталған акция өтті

    Сәтбаев қаласында қоғамдық орындардағы сәндік құрылымдар мен абаттандыру элементтерінің бүлінгені анықталды, деп хабарлайды infotabigat.kz Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Қала аумағын аралау барысында бірқатар қоғамдық орындардағы мүліктің сынғаны және зақымданғаны байқалған. Атап айтқанда, қаланы абаттандыру мақсатында орнатылған сәндік құрылымдар мен басқа да элементтерге зиян келтірілген.

    Қоғамдық мүлікті бүлдіру қаланың сыртқы келбетіне кері әсер етіп қана қоймай, абаттандыру жұмыстарына жұмсалған еңбектің нәтижесіне де нұқсан келтіреді.

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін құқық бұзушылықтың сипаты мен келтірілген залалға байланысты әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген.

    Осыған байланысты тұрғындарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға, абаттандыру нысандарын сақтауға және қала тазалығы мен тәртібіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

    Spread the love