• kz
  • ru
  • en
  • Экология министрлігі Shell компаниясының барлау жұмыстарының экологиялық аспектілерін талқылады

    ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Shell компаниясының Қазақстандағы аға вице-президенті және төрағасы Сюзанн Куган бастаған Shell делегациясымен кездесті, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Кездесу барысында Ақтөбе облысындағы Жаңатұрмыс учаскесіндегі көмірсутектерді барлау жобасына қатысты экологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

    Биоәртүрлілікті сақтауға, ормандарды қорғауға және ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жер асты сулары кен орындарының қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.

    Министр қоршаған ортаны қорғау заңнамасын қатаң сақтаудың, ықтимал экологиялық тәуекелдерді кешенді бағалаудың және жергілікті қоғамдастықтың алаңдаушылығын ескерудің маңыздылығын атап өтті.

    Су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, барлау жұмыстарына рұқсат беруді одан әрі қарастыру қажеттілігі атап өтілді.

    Қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарын одан әрі қарау кезінде жоспарланған қызметтің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және табиғи ресурстарды сақтауға басымдық беріледі.

    Spread the love