• kz
  • ru
  • en
  • Биыл вегетация кезеңінде су заңнамасын бұзғандарға 58,3 млн теңге айыппұл салынды

    Су ресурстары және ирригация министрлігі судың қара нарығымен күресті жалғастырып жатыр. Биыл вегетация кезеңінде 310 айыппұл салынған. Былтыр 188 айыппұл салынып, 15,8 млн теңге болған, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Министрлік оңтүстік өңірде төрт жұмыс тобын құрған. Олар судың әділ бөлінуін қамтамасыз етіп, су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізді.

    «Бас прокуратураның, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен министрлік республика деңгейінде судың «қара нарығына» қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір Бас прокуратурамен бірлесіп, заңсыз су алу фактілеріне қарсы күресті жалғастыру алгоритмі әзірленіп жатыр», – деді су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

    Фото: Pixabay

    Spread the love