Алматыда OtzAlt кеңістігінде Жер экожүйесіндегі адамның рөлін қайта пайымдауға және даму мен жойылу арасындағы нәзік тепе-теңдікке арналған «Басым болудың шегі бар ма?» атты топтық көрме ашылды, деп хабарлайды infotabigat.kz.
Ғасырлар бойы адам өзін жаратылыстың шыңы, планетадағы ең басты әрі ең саналы тіршілік иесі ретінде қабылдап келді. Алайда бүгінде бұл сенім барған сайын күмән тудырып отыр. Ғылым, техника және өнердегі жетістіктер экологиялық дағдарыстармен, биологиялық алуан түрліліктің азаюымен және табиғи ресурстардың сарқылуымен қатар жүріп келеді. Өмірге және жасампаздыққа деген ұмтылыс біртіндеп экспансия мен үстемдікке деген құштарлыққа айналуда — дәл осы өзгеріс көрменің өзекті тақырыбына айналған.
Жоба әлемнің тұрақтылығы туралы, экожүйедегі әрбір, тіпті ең кішкентай бөлшектің де маңызы зор екені жөнінде ой қозғайды. Бүгінгі таңда планетада шын мәнінде кім үстемдік етеді? Адам табиғатқа үстемдігін қанша уақыт сақтай алады? Табиғатқа деген таңданыс неге соншалық жиі оны жоюмен аяқталады — және болашақтың өзге бір сценарийі мүмкін бе?

Фото: EFES Kazakhstan баспасөз қызметі
Экспозицияда Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған фотографтардың жұмыстары ұсынылып, олар кескіндеме, графика және инсталляциялармен диалогқа түседі. Бірлесе отырып, бұл туындылар адам мен қоршаған орта арасындағы өзара байланысты, жауапкершілік пен билік ұғымдарын, сондай-ақ үйреншікті иерархияларды қайта қарау қажеттігін ой елегінен өткізетін кеңістік қалыптастырады.

Фото: EFES Kazakhstan баспасөз қызметі
EFES Kazakhstan компаниясының маркетинг директоры Зейнеп Эркан Альп:
«Efes Art Space — бұл бүгінгі күн мен болашақ туралы ашық әрі шынайы әңгіме өрбітетін кеңістік. “Доминанттық көкжиектер” көрмесін қолдай отырып, біз адамның табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігі мәселесіне назар аудартқымыз келеді. Өнер күрделі сұрақтарды қоюға және қалыптасқан көзқарастарды қайта ойлауға шабыттандыратын бірегей күшке ие — дәл осындай диалог бүгін ерекше маңызды»

Фото: EFES Kazakhstan баспасөз қызметі
Көрме қатысушылары:
Юрий Варыгин, Владимир Дроботенко, Полина Золотухина, Валерий Калиев, Владислав Ким, Тимур Кудеринов, Мария Кучерова, Анастасия Конюхова, Сергей Кочмарев, Александра Лютова, Мария Луцук, Татьяна Ломоносова, Ренат Мансуров, Виктор Майский, Михаил Максимов, Павел Михеев, Тахир Мухтаров, Анастасия Пономарева, Дмитрий Ругис, Дарья Сычева, Жамиля Такен, Владимир Троценко, Руслан Токмагамбетов, Елена Шайдер, Юрий Шумский, Виталий Шуптар, Даурен Тасбулатов.
«Доминанттық көкжиектер» көрмесі — адам тағдыры планетадағы бүкіл тіршіліктің тағдырымен ажырамас байланыста болатын ортақ болашағымыз туралы диалогқа шақыру.
18 желтоқсан 2025 — 18 қаңтар 2026
OtzAlt, Барабаев көшесі, 36
Куратор: Оля Веселова (Efes Art Space)

