• kz
  • ru
  • en
  • Ақтаудың ауасы көлік салдарынан күрт нашарлады

    Қазақстанның басты теңіз қаласында ауа сапасы біртіндеп нашарлап келеді. Қаланың тұрғын үй аумағында өнеркәсіптік кәсіпорындар болмағанына қарамастан, соңғы үш жылда Ақтауда атмосфералық ластану деңгейі тұрақты түрде жоғары болып отыр. Оның негізгі себебі – автокөліктер санының артуы, деп хабарлайды infotabigat.kz Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика бойынша Орталық Азияға арналған жобалық офисіне сілтеме жасап.

    Ақтау – Маңғыстау облысының облыс орталығы. Қала Каспий теңізінің жағасында орналасқан және шөлді климатымен сипатталады, жаз айлары өте ыстық болады.

    Өндірістік кәсіпорындардың басым бөлігі (мұнай өңдеу және химиялық зауыттар) Маңғыстау облысында орналасқан.

    Қаладан 5 шақырым қашықтықта Қошқар-Ата сақтау орны орналасқан. Бұл көл радиоактивті қалдықтарды сақтау үшін арналған «сулы» қойманың аналогы болып табылады, мұнда су радиацияның негізгі бөлігін сіңіреді.

    Қалада ауаның негізгі ластауыш көзі – көлік құралдары, себебі өндірістік кәсіпорындар тұрғын үй аумағынан тыс орналасып, санитарлық қорғау аймақтары талапқа сай келеді.

    Сонымен қатар карьерлерден шығатын шаң мен қалдықтарды дұрыс өңдеудің жетілдірілмеген жүйесі де атмосфералық ластануға өз үлесін қосады.

    Ақтау қаласында атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін 4 стационарлық бақылау посты бар:

    – 2 поста ауа сынамалары қолмен тәулігіне үш рет алынады, 6 көрсеткіш бойынша: 1) қалқыма бөлшектер (шаң), 2) азот диоксиді, 3) азот оксиді, 4) күкірт диоксиді, 5) көміртек оксиді, 6) күкірт қышқылы.

    – 2 автоматты мониторинг станциясында әр 20 минут сайын 6 көрсеткіш бойынша деректер тіркеледі: 1) РМ-2,5 қалқыма бөлшектер, 2) РМ-10 қалқыма бөлшектер, 3) күкірт диоксиді, 4) күкіртсутек, 5) озон (жергілікті), 6) көміртек оксиді.

    Ауа сапасын бағалау үшін екі индекс қолданылады:

    – Атмосфераны ластаудың индексі (бұдан әрі – АЛИ) – бұл бірнеше негізгі ластаушы заттардың концентрацияларын және олардың адам денсаулығына әсерін есепке алатын көрсеткіш. Ол орташа тәуліктік немесе орташа жылдық концентрацияларды пайдаланып, созылмалы ластану деңгейін анықтауға мүмкіндік береді;

    – Стандартты индекс (бұдан әрі – СИ) – ластаушы заттың ең жоғары бір реттік концентрациясын оның шекті рұқсат етілген мөлшеріне бөлетін көрсеткіш. Бұл көрсеткіш қаланың немесе белгілі бір посттың ең ластайтын затын анықтауға көмектеседі және қысқа мерзімді ауа ластануын бағалауға пайдаланылады.

    «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Ақтауда 2015, 2016, 2020 жылдары ауа ластануы «төмен» деңгейде бағаланған (АЛИ 3-4), 2017, 2019, 2021 жылдары «жоғарылаған», 2018, 2022 жылдары – «жоғары» деңгейде бағаланған. 2023 және 2024 жылдардағы атмосфералық ауаның ластануы СИ бойынша жоғары деңгейде бағаланған.

    Ақтаудағы ауаның негізгі ластаушы заттары – күкіртсутек және көміртек оксиді. 2024 жылы мониторинг посттарында зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының асу деректері 1564 рет тіркелді.

    Spread the love