Алатау қалалық полиция департаментінің мәліметі негізінде Алматы облысының Экология департаменті Алматы–Өскемен тас жолы бойында тексеру жүргізді. Нәтижесінде құрылыс қалдықтарының заңсыз төгілгені анықталды, деп хабарлайды infotabigat.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеру барысында құрылыс жұмыстарын жүргізген бас мердігер — «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС экологиялық заң бұзушылық үшін жауапты деп танылды. Компанияға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 344-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сондай-ақ, аумақта қатаң экологиялық бақылау енгізілді.

Министрлік заңсыз қоқыс орындарын ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік күшейтілгенін атап өтті. Енді мұндай құқықбұзушылықтар үшін айыппұлдар екі есеге артып, қалдықтарды заңсыз тасымалдауға пайдаланылған көліктер тәркіленеді.

