Тау ішінде сирек кездесетін отбасы кадрға түсті. Катонқарағай ұлттық паркінде фототұзаққа қар барысы — ілбіс үш күшігімен бірге түсіп қалды, деп хабарлайды infotabigat.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
Бұл өте ерекше жағдай, өйткені ілбіс күшіктері анасының жанында шамамен екі жыл болады. Осы уақытта олар аң аулауды, қауіптен сақтануды үйренеді, – дейді мамандар.
Мұндай кадрлар ұлттық парк аумағында сирек түрлердің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай сақталып отырғанын көрсетеді.

