• kz
  • ru
  • en
  • Қызылорда облысында 67 мыңнан аса бала су үнемдеуге бағытталған білім беру жобасына қатысады

    Қызылорда облысында Қазақстан мен Өзбекстанның балалар мен жастары арасында Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған пилоттық білім беру жобасы іске қосылды, деп хабарлайды infotabigat.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Жоба Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, ЮНИСЕФ-тің, Француз даму агенттігінің (AFD) қолдауымен және Аралды құтқару халықаралық қоры Атқарушы комитетімен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

    Білім беру жобасы өңірдегі 55 мектептің 67 мыңнан астам оқушысын және 800-ден астам педагогті қамтиды.

    Біздің мақсатымыз – балалардың су туралы сауатын арттырып, климаттың өзгеруі жағдайында өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында дұрыс дағды қалыптастыру. Су үнемдеу мәдениетін дамытуға бағытталған жобалар Қазақстанның басқа өңірлерінде де жүзеге асырылып жатыр. Елшілер мен халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен мыңдаған оқушы мен студенттерге арналған ашық сабақтар мен экологиялық сағаттар өткізіліп жатыр, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

    Spread the love