• kz
  • ru
  • en
  • Оралда өткен «EcoFuture» ойыны жастарды табиғатты қорғауға үндеді

    Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған ерекше шара – «EcoFuture: Таза Қазақстан» атты квест ойыны өтті. Іс-шараға қаладағы арнаулы оқу орындарының (колледждер) студенттері қатысып, туған жер табиғатына жауапкершілікпен қарауды, командалық жұмыс пен көшбасшылық дағдыларын дамыту мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды infotabigat.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Квест алты түрлі турдан тұрды және әр станцияда қатысушыларға арнайы тапсырмалар қойылды. Командалар тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орындауға тырысып, ынтымақ пен стратегиялық ойлауды көрсетті.

    Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, жастар бастамаларын қолдау бөлімінің маманы Аманат Бектұрсын квестке қатысты пікір білдірді.

    Бұл квесттің негізгі мақсаты – жастар арасында қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылық пен патриоттық сезімді ояту. Сондай-ақ, командалық жұмысқа, көшбасшылыққа және жылдам шешім қабылдау дағдыларына үйретеді. Бүгінгі күні жас буынның экологиялық мәдениетін қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз, – деді ол.

    Қатысушылардың бірі, Орал гуманитарлық техникалық колледжінің студенті Жұмажан Нұрсәт квесттің өте қызық өткенін айтты.

    Квест өте қызықты өтті. Әр тапсырма командалық жұмысты және жылдам ойлануды талап етті. Біз әр станцияны бірге шешіп, бір-бірімізге көмектестік. Мұндай шаралар тек білім ғана емес, командалық рухты да дамытады, – деді студент.

    Қатысушылар тапсырмаларды сәтті орындап, экологиялық білімдерін тексерді. Жеңімпаз команда ерекше естелік сыйлықтарға ие болды.

    Айта кетейік, «EcoFuture: Таза Қазақстан» квесті жастарға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіріп, командалық жұмыс пен көшбасшылық дағдыларын шыңдауға бағытталған бірегей іс-шара ретінде есте қалды.

    Spread the love