Алматыда Үлкен Алматы көліне дейін ұзындығы 5,3 шақырым болатын ұйымдастырылған жүргінші соқпағын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды infotabigat.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы қалалық мәслихат сессиясында Алматы қаласы экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов айтты.

Құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың желтоқсан айында аяқтау көзделген. Сонымен қатар тамыз айында Наталия Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театры ғимаратын жаңғырту және оған қосымша құрылыс салу жұмыстары аяқталады, – деді Құдайбергенов.
Аталған жобалар қаланың туристік тартымдылығын арттыруға және мәдени инфрақұрылымын дамытуға бағытталғанын басқарма басшысы атап өтті.

