Ертіс орманы МОТР РММ аумағында ғылым және мониторинг бөлімінің мамандары қысқы аппақ реңге енген жоңғар атжалманын тіркеді, деп хабарлайды infotabigat.kz.
Жоңғар атжалманы (Phodopus sungorus) – далалы аймақтардың кішкентай мекендеушісі. Бұл жануардың ерекше қасиеті – жүнінің түсін өзгерту қабілеті. Күн суытып, қыс түскенде оның сұрғылт-қоңыр түсті жүні аппақ түске айналады. Мұндай табиғи «қорғаныс киімі» оған қар жамылған ортада жыртқыштардан жасырынуға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, жануардың орман алқабында тіркелуі – ерекше әрі қызықты жайт. Бұл табиғаттың тосын сыйларға толы екенін, ал жануарлардың түрлі ортаға бейімделіп, жаңа жағдайларға икемделе алатынын көрсетеді.

