• kz
  • ru
  • en
  • Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы аумағында Қызыл кітапқа енген сарыүйек мекендейді

    Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы – Қазақстандағы бірегей табиғи аумақтардың бірі. Қатал шөл климаты мен тасты жер бедеріне қарамастан, өңірдің биоалуантүрлілігі жоғары, деп хабарлайды infotabigat.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ғалымдардың мәліметінше, қорық аумағында бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі кездеседі. Соның ішінде Паллас қарашұбар жыланы бар. Бұл түр Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

    Халық арасында «сарыүйек» аталып кеткен жылан сары түсінің басымдығымен ерекшеленеді. Мамандардың айтуынша, бауырымен жорғалаушылар шөлді аймақтың ыстық және суық климаттық жағдайларына эволюциялық тұрғыда бейімделген.

    Мамандардың атап өтуінше, Қызыл кітапқа енген сарыүйекті қорғау – табиғи мұраны сақтаудың маңызды бөлігі.

    Spread the love