Науырзым мемлекеттік табиғи қорығында реликтілі қарағай ормандары бар, олардың кейбіреулері бүгінгі күні шамамен 200 жылдық жаста. Бұл ормандардың негізгі түрі – қарапайым қарағай, деп хабарлайды infotabigat.kz мекеменің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, ең көне екіжүзжасар қарағайлар Ескі Науырзым аумағында шоғырланған. Бұл ағаштар тек табиғатты әшекейлеу үшін емес, өткеннің тірі куәгерлері саналады. Олар ылғалды климат кезеңінде қалыптасып, бүгінгі құрғақ дала ортасында сақталған.
Қарағайлар құрғақ климат пен құмды топыраққа қарамастан, өте төзімді. Олардың жағдайы мен тұқым өнімділігі ерекше ғылыми қызығушылық тудырады, себебі дәл осы ағаштар орманның табиғи қалпына келуін қамтамасыз етеді және болашақ ұрпаққа берілуге арналған тұрақты генетикалық қорды сақтайды.

