• kz
  • ru
  • en
  • HONOR X8d. Қуаттау кезеңі күте тұрсын

    Смартфондар әлемінде бір заңдылық бардай көрінеді: корпус неғұрлым жұқа болса, автономдылық соғұрлым қысқарады. Яғни кеш сайын қуаттау қажет. Көп жағдайда солай. Алайда HONOR X8d бұл қатып қалған қағиданы бұзады. Қалыңдығы небәрі 7,5 мм бола тұра, ішінде 7000 мА·сағ батарея жасырылған. Алғаш естігенде бұл эксперимент секілді көрінуі мүмкін, бірақ күнделікті қолдануда оның жақсы ойластырылған, нағыз ыңғайлы құрылғы екені бірден байқалады, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Алғашқы әсерден-ақ смартфон жинақы әрі ұстамды көрінеді. 7,5 мм жұқалығына қарамастан, қолда өте жеңіл сезіледі, дерлік салмақсыз.

    Біздің тестімізде аспан-көк түсті нұсқасы болды. Жарық түскенде жұмсақ айнадай құбылып, көзге ерекше әдемі көрінеді. Бұл эффект эксимерлік технологиялар мен микро-нано текстуралар арқылы жасалған: беті тым жылтыр емес, керісінше терең әрі жинақы. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл арзан жылтыр пластик емес, жылтыратылған әйнек не тегіс тас секілді сабырлы көрініс. Ал металл жиектері смартфонға ұқыпты премиум акцент қосады.

    Сонымен қатар барқыт қара және барқыт сұр түстері де бар классикалық әрі әмбебап шешімдер. Қай түсті таңдасаңыз да, смартфон заманауи көрінеді. Бірақ басты тосынсыйлар сыртында емес, ішінде.

    7,5 мм жұқа корпуста 7000 мА·сағ аккумулятор орналасқан. Әдетте мұндай сыйымдылық әлдеқайда ірі құрылғыларда ғана кездеседі. Ал іс жүзінде бәрі өте қарапайым: смартфон ұзақ жұмыс істейді. Бір күн белсенді қолдану – қалыпты жағдай. Тіпті екінші күнді де сенімді өткізеді.

    Өндіруші мәлімдеген 55 сағат автономдылық пен 31 сағатқа дейін бейне көру мүмкіндігі бірнеше күндік тесттен кейін қиял сияқты көрінбейді. Ал қуаттау уақыты келгенде HONOR SuperCharge смартфонды тез арада қайта қатарға қосады – розетканың қасында ұзақ күтіп тұрудың қажеті жоқ.

    6,77 дюймдік OLED дисплей, 120 Гц жаңарту жиілігімен. Күнделікті қолдануда бәрі бірқалыпты қозғалады: лента «қатып» қалмайды, бейне тегіс жүреді. Бірнеше күннен кейін баяу экранға қайта оралу тіпті қиын айырмашылық бірден сезіледі.

    3000 нитке дейінгі шыңдық жарықтық – бұл көбіне флагман модельдерге тән көрсеткіш. Күннің ашық жарығында да экран анық оқылады, бұрыш іздеп немесе дисплейді қолмен көлегейлеудің қажеті болмады.

    Кешкі уақытта байқалатын тағы бір маңызды деталь бар: ШИМ жиілігі 3840 Гц. Бұл нарықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Яғни экрандағы жыпылықтау барынша азайтылған, көз оны байқамайды. Ұзақ мәтін оқығаннан немесе видео көргеннен кейін де көз шаршамайды – экран қысым жасамайды, жайлы күйде қалады.

    108 мегапиксельді камера күндізгі түсірілімде өзін толық ақтайды. Кадрлар анық, детальдар жоғалмайды. Түсірілген фотоны үлкейткенде де сурет бұлыңғырланып кетпей, айқындығын сақтайды.

    Сапаны жоғалтпайтын 3 есе зум күнделікті өмірде өте ыңғайлы. Қарама-қарсы беттегі ғимараттың әдемі элементін түсіргіңіз келді ме – жақындатасыз, кадрды аласыз, ұсақ бөлшектер сол күйі қалады.

    Жасанды интеллект функциялары қарапайым әрі түсінікті жұмыс істейді.
    AI Eraser фондағы артық объектілерді екі-үш қимылмен өшіріп тастайды.
    AI Outpainting кадрды «кеңейтіп», жетіспейтін фонды логикаға сай толықтырады.
    AI Upscale фотода жетіспейтін айқындықты қосады, бірақ суретті жасанды етіп жібермейді.
    Аздап магия бар, бірақ ол өте практикалық.

    AI Eraser

    AI Outpainting

    AI Upscale

    Бүйірдегі Instant AI Button алғашында жай ғана қосымша батырма сияқты көрінеді. Алайда оған тез үйренесіз. Қысқа басу – жадты жылдам тазалау, смартфон сәл сергіп алады. Ұзақ басқанда ЖИ құралдары ашылады: Circle to Search арқылы экрандағы объектіні қоршап, бірден іздеуге болады.

    Тест кезінде бұл батырма күткеннен жиі қолданылды. Ол бірнеше артық әрекетті қысқартады, ал күнделікті өмірде дәл осындай ұсақ-түйек қолайлылықты қалыптастырады.

    Ішінде Snapdragon 6s 4G Gen 2 чипі және RAM Turbo технологиясы бар (баламалы түрде 16 ГБ-қа дейін). Нәтижесінде смартфон жүктеме артқанда «ойланып» қалмайды. Фото өңдеу, музыка тыңдау, хабарламаға жауап беру – бәрі қатар жүрсе де, бәрі бірқалыпты.

    256 ГБ-қа дейінгі ішкі жад жеткілікті. Сезім бойынша – үлкен шкаф сияқты: сала бересіз, сала бересіз, әлі де орын бар. Фото, видео, қосымшалар – ештеңені өшіру туралы ойламайсыз.

    Смартфон Android 16 негізіндегі MagicOS 10 жүйесінде жұмыс істейді. Интерфейс түсінікті, артық жүктелмеген.

    AI Writing мәтінді тез құрастыруға көмектеседі, ал Blur Private Info скриншоттардағы жеке деректерді автоматты түрде жасырады – бөлісу кезінде өте ыңғайлы.

    Google Gemini интеграциясы да бар. Бұл – қажет ақпаратты тез тауып беретін, ойды жинақтауға көмектесетін «ақылды әріптес» секілді. Сіздің орныңызға емес, сізбен бірге жұмыс істейді.

    Жұқалығына қарамастан, HONOR X8d нәзік смартфон емес. Ол 2 метрге дейінгі биіктіктен құлауға төзімді және IP65 стандарты бойынша судан қорғалған.

    Тест кезінде смартфон бар үстелінен құлап түсті, еш сынған салдары болмады. IP65 дегеніміз су шашырауы мен жаңбырдан қорықпайды. Бұл, әрине, дайвингке арналған телефон емес, бірақ күнделікті өмір үшін мұндай қорғаныс жеткілікті.

    HONOR X8d – сирек кездесетін үйлесім. 7,5 мм жұқа корпус пен 7000 мА·сағ батарея, өте жарық экран, 108 Мп камера, түсінікті ЖИ мүмкіндіктері, жеке батырма, үлкен жад қоры және су мен құлаудан қорғаныс әрі мұның бәрі «броньды гаджет» әсерінсіз.
    Оның күші де осында. Техника артық қиындық тудырмай, күнделікті тіршіліктен алаңдатпағанда, оны шын мәнінде бағалай бастайсың. HONOR X8d дәл осындай сезім қалдырады – әр күндегі сенімділік пен жайлылық. Бірнеше күннен кейін бұл күйге тез үйреніп кетесіз.

    Бұл кроссовкамен үйлескен ұқыпты костюм секілді: сырттай жеңіл, ал іс жүзінде кез келген күн сценарийіне дайын. Ең басты әсер де – осы тепе-теңдік.

    Spread the love