• kz
  • ru
  • en
  • Алматыдағы тексеріс: 250-ден аса автобуста уыттылық нормасы асып кеткен

    Eco Almaty мобильді экологиялық зертханалары қоғамдық көліктің атмосфераға бөлетін шығарындыларының деңгейін тексеруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды infotabigat.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    2026 жылы 5 наурызда мамандар «Досчан-М» автопаркінің автобустарына мониторинг жүргізді. Барлығы 87 автобус тексерілді. Өлшеу нәтижесінде дизель отынымен жүретін 26 автобуста уыттылық нормативтерінің шектен асқаны белгілі болды. Сонымен қатар, КАП-3 және КАП-6 автобус парктерінде каталитикалық түрлендіргіштері жоқ 85 автобус анықталды, – делінген хабарламада.

    Жалпы, қала бойынша өткен жылдың соңында уыттылық нормасы асып кеткен 250-ден астам автобус тіркелген.

    Қоғамдық көлікті тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл шаралар экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге және қаладағы атмосфералық ауаны ластайтын зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған.

    Spread the love