• kz
  • ru
  • en
  • ШҚО-да қар қарқынды еріп, тәулік бойы мониторинг жүргізіле бастады

    Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының жоғарылауына байланысты қардың қарқынды еруі басталды, деп хабарлайды infotabigat.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Өңірде су тасқынының алдын алу мақсатында тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

    Құтқарушылар өзендердің мұздан ашылу барысын бақылап, су тасқыны қаупі бар учаскелерді ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып тексеріп жатыр.

    Аталған жұмыстар су тасқынына қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалауға, тасқын қаупі туындаған жағдайда уақтылы шаралар қабылдауға бағытталған.

    Бақылау нәтижелері бойынша гидрологиялық жағдайдың тұрақты екені анықталды. Облыстың көптеген өзенінде мұздың әлсіреуі байқалады, ал кейбір өзендерде мұздан ашылу жүріп жатыр. Қауіп төндіретін су деңгейінің көтерілуі тіркелген жоқ, – делінген ведомство хабарламасында.

    Spread the love