• kz
  • ru
  • en
  • Алматыда мерзімі өткен дәрілерді жинау акциясы басталады

    Алматыда 15-16 сәуір мерзімі өткен және пайдаланылмаған дәрі-дәрмектерді жинау акциясы өтеді, деп хабарлайды infotabigat.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Дәрілерді қалалық емханаларда орнатылған экобокстарға өткізуге болады. Қалада мұндай 36 қабылдау пункті жұмыс істейді.

    Таблетка, капсула, май, шәрбат және сұйық ерітінді қабылданады. Шприц, ине және өзге медициналық қалдық қабылданбайды, – деп ескертті әкімдіктегілер.

    Spread the love