Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаңа мурал салынды, деп хабарлайды infotabigat.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырып, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған, – делінген хабарламада.

Қала келбетін көркейту мақсатында жүзеге асқан арт туынды «Керуен сарай» тұрғын үй кешенінің қабырғасына орналастырылды.
Мурал мазмұнында табиғатты аялау, тазалықты сақтау және экологиялық сананы нығайту идеялары көркем түрде бейнеленген.

