• kz
  • ru
  • en
  • Қазақстан жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 15%-дан асырады

    Қазақстан 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 15 пайыздан асыруды және ірі энергетикалық нысандардан ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды 35 пайызға азайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды infotabigat.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Президен атап өткендей, әділ және теңқұқылы энергетикалық модельге көшу негізгі басымдық саналады.

    Қазір Қазақстанда электр қуатының 7 пайыздан астамы жаңартылатын энергия көздерінен алынады. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 15 пайыздан асыруды жоспарлап отырмыз. Біз мұнай-газ қоры мол мемлекеттердің қатарына кіреміз. Соған қарамастан, еліміз орнықты энергетика мақсаттарынан айнымайды.  Әлемдік уран экспортының шамамен 40 пайызын қамтамасыз ететін Қазақстан көміртексіз электр энергетикасын дамытуды құптайды, – деді Тоқаев.

    Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан бүгінде алғашқы атом электр станциясының жобасын пысықтап жатыр.

    Сонымен қатар «таза көмір» технологиясы негізінде жылу электр станцияларын жаңғыртуды қолға алдық. Осылайша, ірі энергетикалық нысандардан ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды 35 пайызға азайтамыз, – деді ол.

    Spread the love