Абай облысында табиғатты қорғау және су биоресурстарын сақтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері су айдындары мен балық шаруашылығы маңызы бар аумақтарда бақылауды күшейтті, деп хабарлайды infotabigat.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткізілген рейдтердің нәтижесінде 58 құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, өңірдің табиғи ресурстарына залал келу қаупінің алды алынды. Заңсыз ауланған 164,3 кг балық тәркіленіп, оның заңсыз айналымға түсуі жол берілмеді және су айдындарының экологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, – делінген хабарламада.
Іс-шаралар барысында құқық бұзушылықтар ғана тоқтатылып қоймай, профилактикалық жұмыстар да жүргізіледі: азаматтарға су биоресурстарын сақтаудың маңыздылығы, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи байлықтарға құрметпен қарау туралы толық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

