HONOR фестивальдің мобильді фото және видео түсірілім бойынша ресми серіктесі атанды, деп хабарлайды infotabigat.kz.
HONOR жаһандық AI-құрылғылар экожүйесі революциялық HONOR Robot Phone смартфоны 28-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінде (SIFF) кәсіби мобильді түсірілім мүмкіндіктерін алғаш рет таныстырғанын хабарлады. Құрылғы мобильді видеотүсірілім саласындағы мүмкіндіктерінің нәтижесін алғаш рет көпшілікке көрсетті.
Мобильді фото және видео түсірілім бойынша 28-Шанхай халықаралық кинофестивалінің ресми серіктесі ретінде HONOR Азиядағы басты кинооқиғалардың бірін озық мобильді бейнелеу технологияларымен қолдайды. Іс-шара аясында HONOR Robot Phone смартфонына түсірілген алғашқы кинематографиялық видеоның әлемдік премьерасы өтті. Құрылғы мобильді түсірілім мен кәсіби киноөндіріс арасындағы шекараны жойып, технология мен кино өнерінің терең интеграциясының жаңа кезеңін ашады.
HONOR-дың ресми арнасында жарияланған видеода Robot Phone құрылғысын ELLEMEN басылымы SIFF қазылар алқасы мүшелерінің кинематографиялық видеопортреттерін жасау үшін пайдаланды. Ерекше тұрақтандыру жүйесі мен кино деңгейіндегі түсірілім мүмкіндіктерінің арқасында құрылғы портреттік видеотүсірілім өнерін жаңа қырынан көрсетіп, пленкалық эстетикаға тән түстердің жұмсақ ауысуын және жартылай реңктердің байлығын дәл жеткізеді. Бұл атмосфера мен драматургиялық әсерді үйлестіретін визуалды сапаның жаңа деңгейін қалыптастырады.
Robot Phone смартфонына түсірілген видео кіріктірілген gimbal-тұрақтандыру жүйесінің қуатты мүмкіндіктерін көрсетеді. Ол бейне сапасын жоғалтпай, қолмен түсірілім кезінде камера қозғалысының ерекше бірқалыптылығын қамтамасыз етеді. Электронды тұрақтандыруды минималды қолдану кадрдың қиылуы мен цифрлық тұрақтандыруға тән сапа жоғалуын болдырмайды.
HONOR Robot Phone мобильді құрылғылар дизайнындағы инновациялық серпілісті білдіреді: смартфон индустриядағы ең ықшам титан gimbal-подвесімен жабдықталған. Ол аса жоғары дәлдікті, икемділікті және түсірілім тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жоғары өнімді моторлардың арқасында подвес жүйесі динамикалық түрде қозғалып, дәстүрлі камера модульдерінің физикалық шектеулерінен асып түседі. Нысандарды интеллектуалды бақылауға және қозғалыс кезінде тұрақты түсірілім жасауға арналған озық AI-алгоритмдерімен үйлесе отырып, құрылғы видео жасау процесін айтарлықтай жеңілдетіп, пайдаланушылардың техника таңдауы мен контент жасау тәсілін өзгертеді.
Robot Phone құрылғысы HONOR компаниясының әлемге әйгілі кәсіби кинотүсірілім жабдықтарын өндіруші ARRI компаниясымен стратегиялық технологиялық серіктестігінің нәтижелері енгізілетін алғашқы өнім болады.
Канннан Шанхайға дейін HONOR Robot Phone мобильді түсірілім индустриясын дамудың жаңа кезеңіне шығарып келеді. Болашақта HONOR озық AI-технологиялар мен мобильді түсірілім инновацияларын пайдаланып, шығармашылық мүмкіндіктерді кеңейтуді және кинематографиялық визуалды стандарттарды кәсіби кино әлемінен жаңа буын контент жасаушыларға жеткізуді жалғастырады.
HONOR бренді туралы
2013 жылы құрылған HONOR — интеллектуалды құрылғылардың жетекші жаһандық жеткізушісі. Біз серпінді технологиялық бренд ретінде әлемнің барлық пайдаланушыларына кез келген сценарийде, кез келген арнада және барлық санаттағы адамдар үшін ақылды өмірді қамтамасыз етуді мақсат тұтамыз. Инновация, сапа және сервисті басты бағыт ете отырып, HONOR бүкіл әлемдегі адамдарға мүмкіндіктерін кеңейтуге және инновациялық өнімдер портфелі арқылы жаңа интеллектуалды әлем құруға мүмкіндік беретін технологияларды әзірлейді.
Толығырақ ақпарат HONOR-дың ресми сайтында жарияланған.

