• kz
  • ru
  • en
  • «Алтын Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген дала қыранының ұялары анықталды

    «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары Басши орманшылығы аумағында далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    16–17 маусым күндері өткен зерттеу барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген дала қыранының (Aquila nipalensis) екі ұясы табылды. Мамандар ұялардың орналасқан жерін тіркеп, географиялық координаттарын анықтады. Сонымен қатар құстардың тіршілігін бақылау мақсатында арнайы фототұзақтар орнатылды.

    Зерттеу жұмыстары сирек кездесетін жыртқыш құстардың санын, таралу ерекшеліктерін және ұя салу аумақтарын зерделеуге бағытталған. Алынған деректер дала қыранының популяциялық жағдайын бағалауға және оны қорғау шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

    Мамандардың айтуынша, мұндай ғылыми мониторинг жұмыстары биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен сирек кездесетін құстарды қорғауда маңызды рөл атқарады.

    Spread the love