• kz
  • ru
  • en
  • Алматыда 600-ден астам сынапты шам қайта өңдеуге жіберілді

    «Recycle Бірге» экологиялық акциясы аясында тұрғындар қауіпсіз кәдеге жарату үшін құрамында сынабы бар 608 шам тапсырды. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС мамандары айтты, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Мұндай қалдықтар қауіпті қалдық санатына жатады және арнайы өңдеуді қажет етеді, өйткені олардың құрамындағы заттар қоршаған орта мен адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

    Сонымен қатар акцияға қатысушылар қайта өңдеуге арналған қайталама шикізат өткізіп, заттарды қайта пайдалануға тапсырды, кітап алмасу шараларына қатысып, экологиялық шеберлік сабағына қатысты.

    «Recycle Бірге» экологиялық акциясы Алматыда 2019 жылдан бері өткізіліп келеді. Жоба экологиялық мәдениетті дамытуға, қалдықтарды бөлек жинауды насихаттауға және саналы тұтыну қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған. Іс-шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қалалық және аудандық қызметтердің қолдауымен өтті, – делінген хабарламада.

    Spread the love