• kz
  • ru
  • en
  • Смог неліктен пайда болады?

    Смог – бұл атмосфералық ауаның қауіпті ластану түрі. Ол ауада түтіннің, шаңның, зиянды газдардың және ұсақ қатты бөлшектердің жиналуы нәтижесінде пайда болады, деп хабарлайды infotabigat.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Смогтың негізгі себептері:

    – автокөлік құралдарының шығарындылары;
    – өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жылу көздерінің шығарындылары;
    – қоқыс пен өсімдік қалдықтарын жағу;
    – желсіз ауа райы, температуралық инверсия және тұман.

    Смогтың салдары:

    • атмосфералық ауаның сапасын төмендетеді;
    • тыныс алу жүйесіне кері әсер етеді;
    • көріну қашықтығын азайтады;
    • қоршаған орта мен экожүйелерге зиян келтіреді.

    Таза ауа – әрқайсымыздың ортақ байлығымыз. Ауаның ластануын азайту үшін экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау маңызды, – делінген хабарламада.

    Spread the love