• kz
  • ru
  • en
  • HONOR бизнес стратегиясын кеңейтіп, жасанды интеллектке негізделген құрылғылар экожүйесін дамытуға көшті

    Соңғы бірнеше жылда HONOR компаниясы тек смартфон өндірушісі мәртебесінен асып, технологиялық экожүйені қалыптастыру бағытын таңдады. Бұл трансформация компанияның жаңа даму стратегиясының негізіне айналды, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Бүгінде HONOR бизнес стратегиясын кеңейтіп, смартфон өндірушісі ретіндегі ұстанымнан жасанды интеллектке (AI) негізделген құрылғылар экожүйесін дамытуға көшіп отыр. Осылайша, жаңартылған стратегия өзара байланысқан құрылғыларды, бағдарламалық шешімдер мен AI технологияларын дамытатын жаһандық технологиялық компанияға айналу үдерісін көрсетеді.

    Жаңа стратегия технологиялардың кезең-кезеңімен дамуының нәтижесі болды. Бұрын жасанды интеллект негізінен жекелеген құрылғыларда қолданылса, бүгінде HONOR смартфондарды, планшеттерді, ноутбуктерді, смарт-сағаттарды, құлаққаптарды және басқа да құрылғыларды біріктіретін ашық экожүйе қалыптастыруда.

    Жаңартылған стратегия аясында HONOR интеллектуалды құрылғыларды дамытудың жаңа бағытын айқындайтын RobotPhone тұжырымдамасын таныстырды. Сонымен қатар компания құрылғының өзінде және бұлтта деректерді өңдеуді біріктіретін саладағы алғашқы есептеу фотосурет жүйесі – AiMAGE технологиясын әзірледі. HONOR жаңа буындағы Agentic OS операциялық жүйесін дамытуда, мобильді түсірілім саласында ARRI компаниясымен ынтымақтастық орнатып, жасанды интеллектке негізделген ашық құрылғылар экожүйесін дамытуға бағытталған HONOR Alpha стратегиясын іске асыруда.

    Компанияның трансформациясы бизнес нәтижелерінен де көрініс табуда. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша HONOR сатылым көлемін 25%-ға арттырып, жалпы нарықтағы төмендеу жағдайында өсім көрсеткен жалғыз қытайлық смартфон бренді болды. Сонымен қатар компания табысының жартысынан астамы халықаралық нарықтардың үлесіне тиесілі. Ал HONOR-дың иілгіш экранды смартфондары әлемдік жеткізілім көлемі бойынша екінші орынға көтерілді.

    Ребрендинг – компания дамуының жаңа кезеңінің көрінісі

    Жаңа стратегияны іске асырумен қатар HONOR корпоративтік бренд стилін де жаңартты. Ребрендинг компанияның жаңа стратегиялық бағытының табиғи жалғасына айналды. Жаңартылған визуалды стиль брендтің жаңа позициясын және ұзақмерзімді даму бағытын айқындайды.

    Бүгінде HONOR жасанды интеллект технологияларын дамытуға, өнім желісін кеңейтуге және барлық құрылғылар біртұтас жүйе ретінде жұмыс істейтін ашық экожүйе қалыптастыруға басымдық беруде.

    Технологиялармен қатар брендтің қабылдануы да өзгеріп келеді. HONOR мәдени және креативті индустриялардағы қатысуын кеңейтіп, халықаралық іс-шаралардың серіктесіне айналып, шығармашылық қауымдастық өкілдерімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Компания технологияны шығармашылықтың, қарым-қатынастың және күнделікті өмірдің маңызды құралы ретінде қабылдайтын аудиторияға ерекше көңіл бөледі.

    Сонымен бірге Dare to be («Батыл бол») философиясы HONOR бренді құндылықтарының ажырамас бөлігі болып қала береді. Бүгінде бұл ұстаным жасанды интеллект технологияларын барынша қолжетімді етуге, құрылғыларды біртұтас экожүйеге біріктіруге және пайдаланушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынуға деген компанияның ұмтылысын білдіреді.

    HONOR бренді туралы

    2013 жылы негізі қаланған HONOR интеллектуалды құрылғылардың жетекші әлемдік жеткізушілерінің бірі болып табылады. Компания инновациялар, сапа және сервиске стратегиялық басымдық бере отырып, адамдарға үйреншікті мүмкіндіктер шеңберінен шығуға және жаңа интеллектуалды әлем құруға көмектесетін технологияларды дамытады.

    Spread the love