• kz
  • ru
  • en
  • Табиғатты қорғау жолындағы ерлік «Дала» фильмінде көрініс тапты

    Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан мемлекеттік инспекторларды еске алуға арналған «Дала» көркем фильмінің тұсаукесеріне қатысты, деп хабарлайды infotabigat.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Іс-шара барысында министр фильмнің Қазақстанның жануарлар дүниесі мен табиғи мұрасын қорғау жолында қызметтік борышына адал болып, ерлікпен қаза тапқан Е.Нұрғалиевке, Қ.Нұртазиновқа және Ә.Кенжегүловке көрсетілген құрметтің белгісі екенін атап өтті.

    Ведомство басшысы олардың ерлігін есте сақтау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті екенін айтып, мұндай фильмдер табиғатты қорғауға бүкіл ғұмырын арнаған нағыз батырлар туралы жас ұрпаққа кеңінен танытуға ықпал ететінін жеткізді.

    Министр фильмнің режиссеріне, актерлік құрамға, түсірілім тобына және картинаның жарыққа шығуына үлес қосқан барша азаматтарға шынайы алғысын білдіріп, фильмге сәтті прокат пен көрерменнің жоғары бағасына ие болуын тіледі.

    Spread the love