• kz
  • ru
  • en
  • Астанадағы K-Marathon: спорт – Қазақстан мен Кореяны жақындастырған достық көпірі

    2026 жылғы 2 тамызда Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Астанадағы Орталық саябақта K-Marathon іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Марафон атауы кездейсоқ таңдалған жоқ. Ол екі елдің атауына ортақ «K» әрпіне негізделген. Ұзындығы 6 шақырым болатын жарысқа Корея мен Қазақстанның 1000-ға жуық азаматы қатысып, спорт арқылы достық пен өзара түсіністікті нығайта отырып, қашықтықты бірге жүгіріп өтті.

    Іс-шара барысында Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чон Кихон қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинмен бірге мүмкіндігі шектеулі қатысушылармен бір қарқында жүгірді. Осылайша марафонның символдық мәні айқындалды: Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы ортақ мүдделермен байланысқан серіктестер ғана емес, халықаралық қауымдастықтың ортақ мақсаттарына бірге ұмтылатын ниеттес елдер екенін көрсетті.

    K-Marathon-ды өткізудегі мақсат – биыл қыркүйек айында Сеулде өтетін алғашқы «Корея Республикасы – Орталық Азия» саммитіне Қазақстан азаматтарының қызығушылығын арттыру, сондай-ақ мәдени және гуманитарлық алмасу арқылы екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту болды.

    Spread the love