Ақтауда «CASPIAN SEA ACTION WEEK 2026» іс-қимыл апталығы аясында халықаралық «Caspian Clean Challenge» экологиялық марафоны өтті. Іс-шара Халықаралық волонтерлер жылы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды infotabigat.kz.
Марафонға әр елден келген халықаралық волонтерлер, жергілікті жастар мен экобелсенділер қатысты. Қатысушылар Каспий жағалауын тазалап, жиналған қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуге арналған арнайы орындарға тапсырды.
Экологиялық акция плоггинг форматында өтті. Қатысушылар спорттық жаттығулардан кейін жағалауды тазалауға кірісті.
Іс-шара барысында экологиялық қалашық та жұмыс істеді. Онда экологиялық жобалар мен жасыл технологиялар таныстырылып, қалдықтарды дұрыс сұрыптауға арналған ойындар, викториналар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Caspian Clean Challenge» халықаралық волонтерлер мен Ақтау тұрғындарын Каспийді қорғау жолында біріктірді.
«CASPIAN SEA ACTION WEEK 2026» аясындағы шаралардың мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, волонтерлікті дамыту және Каспий жағалауының тазалығын сақтауға қоғамның назарын аудару.

