2026 жылғы 25 шілдеде Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қара тазқара балапанына алғаш рет сақина салынып, GPS/GSM-трекер орнатылды, деп хабарлайды infotabigat.kz.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті баспасөз қызметі атап өткендей, құрылғы құстың қозғалысын, қоныс аудару бағыттары мен қыстайтын аумақтарын бақылауға мүмкіндік береді.

Жұмыс BRCC және RRRCN орнитологтарының қатысуымен жүргізілді.
Қазақстанда тазқараларды GPS/GSM-трекерлер арқылы белгілеу бағдарламасы 2024 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Қазіргі уақытқа дейін 8 құс белгіленді.

