• kz
  • ru
  • en
  • Қазақстанның Қызыл кітабына енген құлан туралы не білеміз

    Бір қарағанда есекке ұқсайды, ал жүйріктігі жылқыдан кем түспейді. Бұл — қазақ даласының ерекше жануары құлан, деп хабарлайды infotabigat.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Құлан — Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жануарлардың бірі. Ол кең дала мен шөлейтті аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Төзімді, сақ әрі өте жүйрік жануар.

    Құланның тағы бір ерекшелігі — табиғатта үйірімен тіршілік етуі. Кеңістікті еркін мекендейтін бұл жануарлар еліміздің жабайы табиғатының ажырамас бөлігі.

    Бүгінде құланды сақтау, санын қалпына келтіру және табиғи мекендерін қорғау бағытында жұмыстар жалғасуда.

    Spread the love