Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орман қорында 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш егу туралы тапсырмасына сәйкес Түркістан облысындағы орман қоры аумақтарында 2021-2025 жылдары 110 мың гектар жерге 170 млн көшет егу тапсырылған болатын. Кешенді жоспарға сәйкес 2021-2025 жылдары 96 мың гектар жерге 146 млн түп көшет егіліп, жоспар артық орындалды, деп хабарлайды infotabigat.kz.
Биыл облыс аумағында күзгі маусымда 700 мыңнан астам ағаш көшетін отырғызу жоспарлануда. Сонымен қатар орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында 20 мыңнан астам гүлді өсімдік өсіру көзделген. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен жиында айтылды.
Жиын барысында орман қорын қорғау, көгалдандыру жұмыстарының барысы, материалдық-техникалық базаны нығайту және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ өңірдегі орман алқаптарын ұлғайту, көшеттерді егу жоспарының орындалу деңгейі назардан тыс қалмады.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков сала басшылары мен мекеме директорларына орман қорын сақтау және оны ұлғайту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

