• kz
  • ru
  • en
  • Алматы жастары қалалық бастамаларға атсалысып жатыр

    Алматыда жастарды, студенттерді, еріктілерді, белсенді қала тұрғындарын және 100-ге жуық қалалық қауымдастықты біріктірген City Makers: JASTAR QALASY қалалық фестивалі өтті. Іс-шараға 5 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды infotabigat.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Фестивальде студенттерге, соның ішінде бірінші курс студенттері мен еліміздің өзге өңірлерінен келген жастарға ерекше көңіл бөлінді.

    Қатысушылар қалалық бастамалармен танысып, пікірлес жандармен байланыс орнатып, өзін дамытуға мүмкіндік алды.

    Алты тақырыптық алаңда экология, технология, білім беру, креативті экономика, әлеуметтік қолдау, спорт және қалалық ортаны дамыту бағыттарындағы жобалар таныстырылды.

    Сонымен қатар дәрістер, шебердің сабақтары, түрлі қойылымдар, квест және жергілікті брендтердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

    Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қалада бүгінде көптеген белсенді қауымдастық қалыптасқанын атап өтті. Оның айтуынша, тұрғындардың қалалық бастамаларға белсенді қатысуы және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауы «Адал азамат», «Таза Қазақстан» құндылықтары мен «Заң және тәртіп» қағидатына сай келеді.

    Spread the love