• kz
  • ru
  • en
  • Алтын-Емелде тауешкілер тобы фототұзаққа түсті

    «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде фототұзаққа тауешкілер тобы түсті, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Тауешкілердің мекені — тік жартастар мен тау беткейлері. Бір қарағанда жүруге қиын көрінетін құзды жерлерде олар өте еркін қозғалады. Бұған мықты аяқтары мен жартастың кедір-бұдырын жақсы ұстайтын тұяқтарының құрылысы көмектеседі.

    Биіктік пен тік жартастар олар үшін кедергі емес, керісінше табиғи ортасының бір бөлігі. Осындай жерлерде тауешкілер қорек іздеп, қауіп төнген жағдайда құзды беткейлерге жылдам көтеріле алады.

    Бұл жолы «Алтын-Емелдің» фототұзағы тау тіршілігінің осындай бір сәтін тіркеді.

    Spread the love