• kz
  • ru
  • en
  • 16 қыркүйек – Дүниежүзілік озон қабатын қорғау күні

    Озон қабатын сақтау экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын қорғау және қолайлы қоршаған орта жағдайларын сақтау үшін аса маңызды, өйткені озон қабаты ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен қорғайтын маңызды қызмет атқарады, деп хабарлайды infotabigat.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қазақстан Республикасы Озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясы, Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы және оған қабылданған түзетулер шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға бейілді.

    Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды кезең-кезеңімен қысқарту және қауіпсіз баламаларға көшу озон қабатының қалпына келуіне, қоршаған ортаға түсетін әсерді азайтуға және осы саладағы халықаралық күш-жігерді нығайтуға ықпал етеді.

    Spread the love