• kz
  • ru
  • en
  • Қазақстан мен GGGI жасыл экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайтты

    2026 жылғы 21 қыркүйекте Сеул қаласында Қазақстан Республикасы мен Жаһандық жасыл өсу институты (Global Green Growth Institute, GGGI) Қазақстан Республикасындағы ұйымның мәртебесі туралы келісімге (Host Country Agreement) қол қойды, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    GGGI 55 мүше мемлекетті біріктіреді және 57-ден астам елде бағдарламаларды іске асырады. Қазақстан 2022 жылдан бері GGGI мүшесі саналады.

    Қол қойылған Келісім GGGI-дің Қазақстандағы құқықтық мәртебесін айқындайды және ұйымның ел аумағында тікелей жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Бұл Қазақстанның мемлекеттік институттарына көрсетілетін қолдауды кеңейтуге, нақты жобаларды неғұрлым жүйелі түрде дайындауға және инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

    Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – Қазақстанның жасыл экономикаға көшуін қолдау және нақты экономикалық әрі экологиялық нәтижелерге қол жеткізу үшін сараптаманы, технологиялар мен инвестицияларды тарту.

    Spread the love