• kz
  • ru
  • en
  • Волонтерлер Усолка өзенінің жағалауын тазартуға шықты

    Усолка өзенінің жайылмасы аумағында ұйымдастырылған экологиялық акцияға волонтерлер, волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтардың өкілдері, сондай-ақ блогерлер қатысты, деп хабарлайды infotabigat.kz Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Іс-шара барысында қатысушылар жағалау аумағын тұрмыстық қоқыстан және өзге де ластанулардан тазарту, қалдықтарды жинау және сұрыптау, сондай-ақ жағажай аумағының жекелеген учаскелерін абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

    Акция аясында волонтерлер мен блогерлер үшін экологиялық сессия ұйымдастырылып, онда қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау қағидалары, экологиялық жауапты мінез-құлық нормалары және қоршаған ортаны қорғаудың заманауи тәсілдері түсіндірілді. Қатысушыларға тұрмыстық қалдықтардың көлемін азайту, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді қалыптастыру бойынша тәжірибелік ұсынымдар берілді.

    Сонымен қатар волонтерлер демалушылар мен қала тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау және экологиялық жауапкершілікті арттыру мәселелеріне назар аударды.

    «Taza Start» экомарафоны экологиялық волонтерлікті дамытуға, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қоғамдық бастамаларға тартуға мүмкіндік берді.

    Іс-шара қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және өңір тұрғындары арасында экологиялық жауапкершілік қағидаттарын кеңінен насихаттауға бағытталды.

    Spread the love