• kz
  • ru
  • en
  • Астанада #ViksitBharatRun: Үндістан мен Қазақстан достығын нығайтқан жүгіру шарасы өтті

    Үндістанның Астанадағы Елшілігі My Bharat және Үндістанның Жастар істері және спорт министрлігімен бірлесіп, #SevaPakhwada (17 қыркүйек – 2 қазан 2026 жыл аралығындағы «Қызмет ету екі апталығы») аясында ұйымдастырылатын және Seva Parv ретінде аталып өтетін, Seva Bhav (қызмет ету рухы) мен ұжымдық жауапкершілікті бейнелейтін іс-шаралар шеңберінде Астанадағы Махатма Ганди ескерткішінің жанындағы Ескек есу каналының жағалауында #ViksitBharatRun – Ұлтқа қызмет ету жолындағы жүгіру атты ауқымды жүгіру шарасын өткізді, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Шараға түрлі жастағы 250-ден астам жүгіру әуесқойы, оның ішінде Үндістан қауымдастығының өкілдері мен Үндістанның қазақ достары қатысты.


    Үндістанның салауатты өмір салтына, бірлікке және ұлттық мақтанышқа деген ұстанымын көрсеткен жүгіру шарасы бүгін Астанада Viksit Bharat рухын паш етіп, ортақ мақсат-мұраттарды, қауымдастық рухын және Үндістан мен Қазақстан арасындағы достықты білдірген адамдарды біріктірді.


    Үндістан Елшісі Я.К.Сайлас Тангал Байқоңыр ауданы әкімдігінің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Арман Баянбеков мырзамен бірге Махатма Ганди ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

    Өз сөзінде Елші Үндістанның Құрметті Премьер-министрі Нарендра Моди ұсынған Viksit Bharat 2047 көзқарасына тоқталды. Сондай-ақ Елші Қазақстандағы Үндістан қауымдастығын Viksit Bharat және Aatmanirbhar Bharat анттарын қабылдауға шақырып, 2047 жылға қарай өзін-өзі қамтамасыз ететін және дамыған Үндістанды құруға деген өз міндеттемелерін тағы бір мәрте растауға үндеді.

    Сондай-ақ 2026 жылғы 24 қыркүйекте орын алған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілерді еске алуға орай екі минуттық үнсіздік жарияланды.

    #SevaPakhwada аясында, #ViksitBharatRun шарасының жалғасы ретінде, бүгін Үндістан Елшісі Я.К.Сайлас Тангал және Тангал ханым Байқоңыр ауданы әкімдігінің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Арман Баянбеков мырзамен бірге Астанадағы Ескек есу каналының жағалауындағы Махатма Ганди ескерткішінің жанында ағаш отырғызды.

    Аталған шара #EkPedMaaKeNaam бастамасы аясында Табиғат-Анаға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылып, адамзаттың Жер-Анадан алатын шексіз сүйіспеншілік, қамқорлық пен пана туралы ізгі хабарды жеткізді.

    Spread the love