Асқар таулар, қалың орман мен адам аяғы сирек жететін мекендер… Көлсай табиғаты тағы бір ерекше сәтімен таңғалдырды, деп хабарлайды infotabigat.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары аумақты барлау барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюын (Ursus arctos isabellinus) бейнекамераға түсірді.
Таулы өңірдің бұл айбынды тұрғыны — Көлсайдың бай жануарлар дүниесінің ерекше өкілі. Оның табиғи мекенінде тіркелуі биоалуантүрлілікті бақылау үшін маңызды дерек.
Біз үшін бұл — таңғажайып кездесу. Ал аю үшін — өз мекеніндегі қалыпты тіршілік.
Көлсайдың жабайы табиғаты әлі талай ғажайыпты жасырып жатыр.

