• kz
  • ru
  • en
  • Бүгін халықаралық қар барысы күні

    Іле Алатауы аумағында шамамен 35–40 қар барысы мекендейді. Бұл сирек жануарды қорғау — Іле Алатауы ұлттық паркінің табиғат сақтау жұмысының маңызды бағыты, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Қар барысының тіршілігін зерттеу Зоология институтымен бірлесіп жүргізіледі.

    Іле Алатауындағы 50-ден астам фототұзақ оларды табиғи ортада бақылауға мүмкіндік береді.

    Ал 2023 жылдан бері парк аумағында төрт қар барысына тағылған спутниктік қарғыбаулар жануарлардың қозғалысы мен маусымдық қоныс ауыстыруы туралы құнды мәліметтер береді.

    Қар барысын сақтау — таулы табиғаттың тұтастығын келер ұрпаққа жеткізуге қосылған үлес.

    Spread the love