• kz
  • ru
  • en
  • ЭКОФАКТ: Неліктен қыста ауаның ластану деңгейі артады

    Қыс мезгілінде атмосфералық ауаның ластану деңгейі бірнеше себепке байланысты артуы мүмкін, деп хабарлайды infotabigat.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    – Жылыту: ЖЭО-ларда, қазандықтарда және жеке тұрғын үй секторында көмір мен басқа да отын түрлерін жағу көлемі артады.
    – Автокөлік: суық ауа райында қозғалтқышты іске қосу кезінде ластаушы заттардың шығарындылары көбейеді.
    – Температуралық инверсия: ластаушы заттардың атмосфераның жер бетіне жақын қабатында жиналуына ықпал етеді.
    – Желдің әлсіздігі: ластаушы заттардың атмосферада таралуы баяулайды.

    Қалаларда қандай шаралар қабылдануда?

    – Жылыту жүйелерінің экологиялық тиімділігін арттыру: экологиялық тұрғыдан неғұрлым таза отын түрлеріне көшу, газдандыруды дамыту және жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту.
    – Өнеркәсіптік шығарындыларды азайту: заманауи технологияларды енгізу және газ тазарту жабдықтарының тиімділігін арттыру.
    – Экологиялық таза көлікті дамыту: қоғамдық көлікті жаңарту, электробустарды енгізу және электр көлігіне арналған инфрақұрылымды дамыту.
    – Ауа сапасын бақылау: атмосфералық ауаға тұрақты мониторинг жүргізу және ластау көздеріне бақылауды күшейту.
    – Қалаларды көгалдандыру: жасыл аймақтар құру, ағаш отырғызу және қалалық орман-саябақ аумақтарын дамыту.

    Басты мақсат — ластаушы заттардың шығарындыларын азайту, атмосфераның ластану деңгейін төмендету және тұрғындар үшін қолайлы экологиялық орта қалыптастыру.

    Spread the love