• kz
  • ru
  • en
  • Rakhila Tleuova

    Rakhila Tleuova

    Жетісу облысының тағы тоғыз елді мекені табиғи газға қосылды

    ҚР Энергетика министрлігі Мемлекет басшысының елді газдандыру деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды infotabigat.kz. Бүгіннен бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тағы тоғыз елді мекенінің тұрғындары табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие…

    Түркістан облысы жасанды жаңбыр технологиясын енгізген алғашқы өңір атанды

    Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасында жасанды жаңбыр жауғызу технологиясының пилоттық жобасын іске асыру бағытындағы жұмыстар талқыланды. Кездесу барысында өңір басшысы су ресурстарын тиімді пайдалану, егін алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз ету және заманауи технологияларды енгізу өңір үшін стратегиялық…

    Бурабайда бұлақтар тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді

    Бурабай ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды infotabigat.kz Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға өңір тұрғындары, еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың…

    Астанада саябақтарда пикник пен заңсыз саудаға бақылау күшейтілді

    Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты мен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында ауқымды профилактикалық рейдтер басталды. Бүгін мұндай шара Ботаникалық бақта өтті. Алдағы уақытта осындай рейдтер елорданың саябақтары, гүлзарлары және басқа да қоғамдық орындарында тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды…

    Ұлы Жібек жолының ізімен: The Marco Polo Project халықаралық экспедициясы Алматыға барды

    The Marco Polo Project халықаралық электромобильдер экспедициясы тарихи Ұлы Жібек жолы бойымен сапар шегуде. Ұзындығы шамамен 15 мың шақырым болатын жоба Рим мен Гонконгты байланыстырып, 12 мемлекеттің аумағын қамтиды. Экспедиция 2026 жылы 13 маусымда басталып, 26 шілдеге дейін жалғасады, деп…

    Ұлытау – тарих пен табиғат тоғысқан қасиетті мекен

    Қазақстанның дәл жүрегінде, сайын даланың төсінде асқақтап тұрған – Ұлытау. Бұл – ел тарихының алтын бесігі, бабалар рухы мен ұрпақ аманатын жалғаған киелі мекен. Ұлытау – ұлттың ұлы жыры, рухтың мәңгілік оты. Мұнда әрбір тас, әрбір қырат – тарихтан сыр…

    Су инфрақұрылымын жаңғырту: Қазақстанда 2,8 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

    Су ресурстары және ирригация министрлігі Су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында Қазақстанның барлық өңірінде гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды infotabigat.kz. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 975 тұрақты және 1866 уақытша жұмыс…

    «Таза Қазақстан»: Ақтөбедегі лагерьде оқушыларға экологиялық тәрбие берілді

    Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласындағы «Campit» жазғы лагерінде «Таза орта – сапалы өмір» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды infotabigat.kz Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған…

    Шетелдік туристердің Алматыға деген қызығушылығы 71%-ға артты

    Фото: Алматы әкімдігі

    Алматы Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі ретіндегі орнын нығайтып келеді. Бұл туралы infotabigat.kz Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады. Mastercard Tourism Insights және D/AI Destinations халықаралық талдау платформаларының мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Алматыға ұшақ…

    Қазақстан мен Аризона университеті су саласына маман даярлау мәселесін талқылады

    Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Аризона университетінің (ASU) президенті Суреш Гаримелламен кездесті, деп хабарлайды infotabigat.kz. Кездесуге сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Тараптар Қазақстанның су шаруашылығы саласына мамандар даярлау, сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған бірлескен…