• kz
  • ru
  • en
  • Tag қоқыс

    Астанада тағы 42 тұрғын үй кешені қалдықтарды бөлек жинау жобасына қосылады

    Елордада көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына қайталама шикізатты өз аулаларында сұрыптап, тапсыруға мүмкіндік беретін «Таза үй – Таза Ел» экологиялық жобасы аясындағы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды infotabigat.kz. Жоба «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы шеңберінде «Жасыл даму» АҚ мен Жалпыұлттық социал-демократиялық…

    Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуге арналған цифрлық платформа таныстырылды

    Алматыда тұрғындарға заңсыз қоқыс үйінділері туралы хабарлап, олардың жойылу барысын бақылауға мүмкіндік беретін TazaQala цифрлық платформасы таныстырылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде жобаның тұсауы кесілді, деп хабарлайды infotabigat.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.…

    Астанада 55 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды

    Астанада заңсыз қоқыс үйінділерін жою және абаттандыру ережелерін бұзушыларды анықтау жұмысы жүйелі түрде жүріп жатыр. Қаланың барлық ауданында тұрақты мониторинг жүргізіліп, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылуда, деп хабарлайды infotabigat.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Бүгінде елордада 99 заңсыз қоқыс…

    ЭКОФАКТ: Қалдықтар табиғатта қанша уақытта ыдырайды?

    Біз күн сайын түрлі қалдықтарды тастаймыз, бірақ олардың табиғатта қанша уақыт сақталатыны туралы жиі ойлана бермейміз. Кейбір қалдықтар ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы қоршаған ортаға әсерін тигізеді, деп хабарлайды infotabigat.kz. Экология және табиғи ресурстар министрлігі экофакттар топтамасын ұсынды. Шыны…

    Ақтау қаласында рұқсатсыз төгілген 40 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

    Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалықты сақтау және заңсыз қоқыс орындарын анықтау бағытындағы мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр, деп хабарлайды  infotabigat.kz. Кезекті тексеру барысында қаланың өндірістік аймақтарының бірінде белгіленбеген жерге төгілген қоқыс үйіндісі анықталды. Аталған дерек…

    Жыл басынан бері 411 рұқсат етілмеген қоқыс полигоны анықталған

    Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен заңсыз қоқыс полигондарын анықтау және жою бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды infotabigat.kz. Кездесу барысында аумақтарда рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орындарын анықтау және жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы…

    Қазақстанда коммуналдық қалдықтар көлемі 7,7%-ға артты

    2025 жылы Қазақстанда жиналған коммуналдық қалдықтар көлемі 7,7% өсіп, 4,1 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды infotabigat.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сұрыпталған қалдықтар көлемі 1,5 млн тоннаға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 16,3% артты. Сұрыпталған қалдықтар құрылымында макулатура мен картонның…

    Астанада заңсыз қоқыс орындарын анықтау бойынша рейдтер күшейтілді

    Астанада экологиялық ахуалды жақсарту және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қарқын алып келеді. Осы мақсатта бүгін Нұра ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, Экология департаменті кезекті рейдтік іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды infotabigat.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Жалпы, 8-22 сәуір…

    ШҚО-да қоқыс үйінділерін жоюға бір апта берілді

    Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиналыс барысында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қоқысты уақтылы шығару мәселесін көтерді. Өскемен, Риддер қалалары мен Алтай, Зайсан, Шемонаиха аудандарында стихиялық қоқыс үйінділері анықталған, деп хабарлайды infotabigat.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде қоқыс…

    Түркістанда қоқыс өңдейтін 5 кәсіпорын жұмыс істейді

    Қазіргі таңда өңірдегі 36 мекеме қоқыс жинау және тасымалдаумен айналысса, 15 кәсіпорын қоқысты сұрыптау, 5 кәсіпорын қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Төлепов брифингте баяндады, деп хабарлайды infotabigat.kz.…