• kz
  • ru
  • en
  • Астанада Қазақстанның ауылдарындағы азық-түлік қауіпсіздігі талқынды

    Астанада «Ауылдық аумақтарында азық-түлік қауіпсіздігі мен зооноздардың алдын алу бойынша Бірыңғай денсаулық» тәсіліне негізделген бірлескен іс-қимылдарға» арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды infotabigat.kz ДССҰ Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Шара Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарға төзімділік туралы хабардарлықты арттыру апталығы аясында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтардың, фермерлік бірлестіктер мен жергілікті қоғамдастықтардың өкілдерінің басын қосты.

    Дөңгелек үстелдің мақсаты — азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зооноздардың алдын алу және Қазақстанның ауылдық өңірлерінде антимикробтық резистенттіліктің (АМР) таралуын төмендету бойынша сектораралық өзара іс-қимыл жасауды нығайту және практикалық қадамдарды талқылау.

    Қатысушыларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Скендер Сыла алғы сөзбен қарсы алды.

    Д-р Сыла әр алуан секторлардың күш біріктіруінің маңыздылығын атап өтіп, азық-түлік қауіпсіздігі мен жұқпалы аурулар қауіптерінің алдын алуға кешенді көзқарас қажеттігін жеткізді:

    Бүгін біз азық-түлік қауіпсіздігі, зооноздардың алдын алу және антимикробтық резистенттілік арасындағы өзара байланысы туралы ортақ түсінімді қортып шығару үшін жиналдық. Бұл бағыттар – ауыл шаруашылығының  дамуының және қоғамдық денсаулықты сақтаудың негізгі элементтері, деп атап өтті Скендер Сыла.

    Алғашқы сессияда Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігі мен зооноздардың алдын алу саласындағы қазіргі сын-қатерлер қаралды. Денсаулық сақтау министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері гигиеналық тәжірибелерді күшейту, мал шаруашылығында антибиотиктерді қолдануды бақылау және ведомстволық өзара әрекеттесуді арттырудың қажеттілігін атап өтті.

    Жигули Дайрабаев азық-түлік қауіпсіздігі – ұлт денсаулығының мәселесі екенін атап өтті.

    Аграрлық партия ретінде біз ветеринарлық бақылауға тиісті, азық-түлік және тағам қауіпсіздігіне қатысты мәселелердің шешілуіне терең мүдделіміз. Бұл тақырыптар біздің сайлауалды бағдарламамызда белгіленген және олар біз үшін негізгі басымдықтардың бірі болып табылады, деді Дайрабаев.

    С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің кандидаты, Айнагүл Бегенова «фермадан үстелге дейін» тізбегіндегі микробиологиялық қауіптер туралы ғылыми талдауын көрсетті. Қазақстан ветеринария конгресінің президенті Гүлнар Имантаева ветеринариялық бақылауды күшейтудің және кадрлар дайындаудың маңызын атап өтті.

    ДДСҰ сарапшысы Питер Хойсковтың бейнепрезентациясы АМР таралуының алдын алуда азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығына арналды. Оның айтуынша, тамақтан улану жағдайларының шамамен үштен бірі (29%) кеңінен қолданылатын антибиотиктерге төзімді бактериялармен байланысты. ФАО және ДЖДҰ өкілдері ұлттық және халықаралық деңгейде үйлестірілген әрекеттердің қажеттігін атап өтті.

    Екінші сессияда қатысушылар «Бірыңғай денсаулық» қағидаттарын ауылдық аудандар деңгейінде енгізу жолдарын талқылады. Фермерлік шаруашылықтардың ветеринариялық көмекке қолжетімділігінің шектеулігі, гигиена проблемалары және антибиотиктердің орынсыз қолданылуы сияқты қиындықтар сөз болды.

    Талқылау қорытындысы бойынша фермерлерге арналған білім беру бағдарламаларын кеңейту, зертханалық бақылауды күшейту, ведомстволық өзара іс-қимылдың тұрақты арналарын құру және жергілікті қоғамдастықтардың қатысуымен бірлескен бастамалар жоспарын әзірлеуді қамтитын «Іс-қимылдар протоколының» жобасы келісілді.

    ДДСҰ Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зооноздардың алдын алу және антимикробтық резистенттілікпен күресу үшін тұрақты тетіктерді әзірлеу мен енгізуге сараптамалық қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

    Spread the love